Трамп Ресей мен Иранға қарсы «тозақ санкциялары» заңына қол қойды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей мен Иранға қарсы «тозақ санкциялары» деп аталған заңға қол қойды. Құжат 500%-ға дейінгі баж салығын және қосымша тарифтерді енгізеді.
Фото: ABACA/Shutterstock
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей мен Иранға қарсы ауқымды шектеу шаралары пакетіне қол қойды. Бұл құжат «Линдси Грэмнің Ресей мен Иранға қарсы 2026 жылғы санкциялар туралы заңы» деп аталды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Басылымдар «тозақ санкциялары» деп атаған құжат Мәскеу мен оның негізгі сауда серіктестеріне бұрын-соңды болмаған экономикалық кедергілер енгізеді. Сонымен қатар Ақ үйге бұл шараларды икемді басқару құқығын қалдырады.
Жаңа заң ресейлік басшылыққа, ірі бизнеске, банк, энергетика және қорғаныс секторларына қарсы қара тізімдерді айтарлықтай кеңейтеді. Сондай-ақ «көлеңкелі флот» танкерлерін бұғаттауға бағытталған. Ең радикалды жаңалық – АҚШ президентіне Ресейден тікелей импортқа 500%-ға дейінгі баж салығын, ал ресейлік мұнай мен газды ірі көлемде сатып алатын елдердің, соның ішінде Қытай мен Үндістанның тауарларына 100%-ға дейінгі қосымша тарифтер енгізу құқығы берілді.
Бұған қоса, құжат Иранға қарсы қолданыстағы санкцияларды бес жылға ұзартады.
Алайда заң Трампқа толық әрекет еркіндігін береді: ол өз қалауы бойынша осы шаралардың кез келгенін кейінге қалдыра, жеңілдете немесе толығымен жоя алады.
