Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллар, еуро, рубль және юань бағамдары: сатып алу және сату бағасы.
Сурет: istockphoto
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валютаның сатып алу және сату бағамы жарияланды. Kurs.kz сайтының деректері бойынша, елордадағы айырбастау пункттерінде доллар 444,5 теңгеден сатып алынып, 451 теңгеден сатылуда. Еуро валютасының сатып алу бағамы – 508 теңге, ал сату бағамы – 518 теңге. Ресей рублі 4,97 теңгеден сатып алынып, 5,17 теңгеден сатылуда. Қытай юаны 68,5 теңгеден сатып алынып, 72,00 теңгеден сатылуда.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар 446,5 теңгеден сатып алынып, 451,8 теңгеден сатылуда. Еуро валютасы 510 теңгеден сатып алынып, 516 теңгеден сатылуда. Ресей рублі 5,03 – 5,14 теңге аралығында саудалануда. Қытай юаны 67 – 69,5 теңге аралығында сатылып жатыр.
