Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады •

    Мәскеу – Астана рейсінде тәртіп бұзған жолаушы 12 тәулікке қамалды

    Мәскеу – Астана рейсінде ұшақ бортында тәртіп бұзған 36 жастағы шетел азаматы 12 тәулікке қамауға алынды. Көлік полициясы оқиға мән-жайын анықтады.

    Мәскеу – Астана рейсінде тәртіп бұзған жолаушы 12 тәулікке қамалды

    Фото: Air Astana

    Мәскеу – Астана бағытындағы рейс бортында тәртіп бұзған жолаушы 12 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әуе кемесі Астана әуежайына қонған соң ер адам акт бойынша көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды.

    «Көлік полицейлері 36 жастағы шетел азаматын алкогольдік масаң күйде болғанын және қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады. Ол әуе кемесі экипажының талаптарын орындамай, басқа жолаушылардың ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан», – деді көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов.

    Сот шешімімен шетел азаматы 12 тәулікке қамауға алынды.

    Сонымен қатар жолаушының бұған дейін де, бір жыл ішінде алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

    Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе кемесінің борты – жауапкершілігі жоғары аймақ екенін қатаң түрде еске салады.

    Еске салсақ, осыған дейін ресейлік әйел Air Astana әуе компаниясының Тбилиси – Алматы – Дананг бағыты бойынша рейсте 3400 долларын (1,5 млн теңге) жоғалтқанын жазғанбыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →