«Балам емес, інім»: Әбунасыр Серіковтің ұлы күтпеген оқиғасымен бөлісті (ВИДЕО)
Актер Әбілмансұр Серіков әкесі, танымал актер Әбунасыр Серіковтің оның өнердегі жолына араласпағанын айтып, балалық шағындағы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Оның айтуынша, әкесі ұлының бар жетістікке өз күшімен жеткенін қалаған. Сол себепті өнер жолында оған арнайы көмек көрсетпей, керісінше өзін әдейі алшақ ұстаған.
Әбілмансұр бала кезінде әкесінің жұртқа өзін «балам» емес, «інім» деп таныстырғанына ренжігенін де жасырмады.
Дегенмен актер бүгінде әкесінің сол кездегі қатаң талабының өзіне үлкен пайдасы тигенін түсінетінін айтты. Оның пікірінше, дәл осы ұстаным оны өз бетінше еңбек етуге үйретіп, қазіргі жетістіктеріне жетуіне ықпал еткен.
