Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 16 қыркүйек 2026 $ 450,0 519,2 5,33
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Құрылыс сапасын кім бақылап отыр? Депутат әкімдіктердегі жүйеге күмән келтірді

    Құрылыс сапасын кім бақылап отыр? Депутат әкімдіктердегі жүйеге күмән келтірді

    Фото: видеодан скрин

    Ипотеканы жылдар бойы төлейтін тұрғын жаңа үйге кірген соң жарылған қабырға, аққан құбыр мен суық пәтердің мәселесін өзі шешуге мәжбүр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай тұрғын үй құрылысының сапасына қатысты мәселе көтеріп, үй салынып жатқан кезде мемлекеттік бақылау қаншалықты тиімді жүргізілетініне назар аударды. Депутаттың айтуынша, кейбір жаңа үйлерде кепілдік мерзімі аяқталмай жатып инженерлік желілер істен шығып, қабырғалар жарылып, тіпті қасбеттердің құлау жағдайлары кездеседі. Оның сөзінше, құрылыс саласында жаңа кодекс, цифрлық мониторинг пен бақылау тетіктері енгізілгенімен, олардың қағаз жүзінде емес, іс жүзінде қалай жұмыс істейтіні маңызды. Сейлов өңірлердегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жергілікті атқарушы органдар жүйесінде жүзеге асатынына да назар аударды. Сонымен қатар аумақты дамыту, қала құрылысы және тұрғын үй жобаларын іске асыруға сол жергілікті органдардың өзі жауап береді. Осыған байланысты депутат бақылаушы органның жергілікті атқарушы билік жүйесінде болуы ықтимал мүдделер қақтығысына әкелмей ме деген мәселе көтерді. Яғни тұрғын үшін негізгі сұрақ өзгермейді: жаңа үйдің сапасына нақты кім жауап береді және құрылыс кезіндегі кемшілікті неге тұрғын кілт алғаннан кейін анықтауы керек?

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →