Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 16 қыркүйек 2026 $ 450,0 519,2 5,33
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талдықорғанда жаттықтырушы 14 жастағы спортшыны екі жыл бойы зорлады деп айыпталуда Көкшетау тұрғыны алаяқтарға 10 млн теңгеден астам ақшасын беріп қойған Алматыда бес көлік соқтығысқан жол апаты: көлікті заңсыз айдап кеткен Қазақстандық әйел АҚШ-та көші-қон заңын бұзғаны үшін ұсталды «Астана Аренадағы» жасанды газон 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы алдында табиғи төсенішке ауыстырылады Аса ауқаттыларға 3% салық: 2030 жылға дейін 29,5 млн өлімнің алдын алу мүмкіндігі Талдықорғанда жаттықтырушы 14 жастағы спортшыны екі жыл бойы зорлады деп айыпталуда Көкшетау тұрғыны алаяқтарға 10 млн теңгеден астам ақшасын беріп қойған Алматыда бес көлік соқтығысқан жол апаты: көлікті заңсыз айдап кеткен Қазақстандық әйел АҚШ-та көші-қон заңын бұзғаны үшін ұсталды «Астана Аренадағы» жасанды газон 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы алдында табиғи төсенішке ауыстырылады Аса ауқаттыларға 3% салық: 2030 жылға дейін 29,5 млн өлімнің алдын алу мүмкіндігі

    Көкшетау тұрғыны алаяқтарға 10 млн теңгеден астам ақшасын беріп қойған

    Көкшетау тұрғыны алаяқтарға 10 млн теңгеден астам ақшасын беріп қойған. Курьер Астанада ұсталып, ақша тәркіленді. Полиция тергеу жүргізуде.

    Көкшетау тұрғыны алаяқтарға 10 млн теңгеден астам ақшасын беріп қойған

    Фото: freepik

    Көкшетау қаласының 59 жастағы тұрғыны өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған алаяқтардың құрбаны болды. Қаскөйлердің сөзіне сенген әйел 10 млн теңгеден астам қаражатын жинап, келген курьерге қолма-қол берген.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Курьер кетіп қалғаннан кейін ғана әйел алаяқтардың арбауына түскенін түсініп, полицияға жүгінген. Күдікті көп ұзамай Астанада ұсталды. Оның жанынан жәбірленушіге тиесілі ақша табылып, тәркіленді.

    Полицияның мәліметінше, ер адамға Көкшетауға барып, белгілі бір пакетті алып кету туралы қоңырау түскен. Ол өзінің қылмыстық схемаға қатысып жатқанын білмеуі де мүмкін. Қазір полиция күдіктінің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →