Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 15 қыркүйек 2026 $ 452,2 523,1 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде 13 жастағы оқушы сыныптасын 15 жерінен пышақтаған ЖИ жасаған мәтін мен видеоны белгілемегендер жауапқа тартылуы мүмкін «Дауысы да өзгеріп кеткен»: Уәлибек Әбдірайымовтың қазіргі келбеті жұртты шошытты Қазақстанда Hyundai Tucson жаңа моделі шығарылады: Тоқаев компания басшысымен кездесті Президент сапары: Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады Оралда тұтынушылар өртенген моншаның ішінде қалып қойған Семейде 13 жастағы оқушы сыныптасын 15 жерінен пышақтаған ЖИ жасаған мәтін мен видеоны белгілемегендер жауапқа тартылуы мүмкін «Дауысы да өзгеріп кеткен»: Уәлибек Әбдірайымовтың қазіргі келбеті жұртты шошытты Қазақстанда Hyundai Tucson жаңа моделі шығарылады: Тоқаев компания басшысымен кездесті Президент сапары: Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады Оралда тұтынушылар өртенген моншаның ішінде қалып қойған

    Түркістанда көпқабатты үйден өрт шықты

    Түркістанда көпқабатты үйден өрт шықты

    Фото: Pixabay

    Түркістан қаласында көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы өртеніп, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 63 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Оқиға туралы хабарлама «112» пультіне 9-шы көшедегі 12 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны жөнінде түскен. Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті.

    Құтқарушылар келген кезде ғимараттың 8-11 қабаттары аралығындағы сыртқы қаптамасы ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Мамандар автосаты арқылы өрт сөндіру оқпандарын беріп, тілсіз жауды сөндіруге кірісті.

    Сонымен қатар тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар баспалдақ арқылы 63 адамды, оның ішінде 12 баланы қауіпсіз жерге шығарды.

    Өрт толығымен сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    ТЖМ өрт немесе басқа да төтенше жағдай болған жағдайда «112» нөміріне дереу хабарласуды ескертеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →