Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 15 қыркүйек 2026 $ 452,2 523,1 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде 13 жастағы оқушы сыныптасын 15 жерінен пышақтаған ЖИ жасаған мәтін мен видеоны белгілемегендер жауапқа тартылуы мүмкін «Дауысы да өзгеріп кеткен»: Уәлибек Әбдірайымовтың қазіргі келбеті жұртты шошытты Қазақстанда Hyundai Tucson жаңа моделі шығарылады: Тоқаев компания басшысымен кездесті Президент сапары: Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады Оралда тұтынушылар өртенген моншаның ішінде қалып қойған Семейде 13 жастағы оқушы сыныптасын 15 жерінен пышақтаған ЖИ жасаған мәтін мен видеоны белгілемегендер жауапқа тартылуы мүмкін «Дауысы да өзгеріп кеткен»: Уәлибек Әбдірайымовтың қазіргі келбеті жұртты шошытты Қазақстанда Hyundai Tucson жаңа моделі шығарылады: Тоқаев компания басшысымен кездесті Президент сапары: Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады Оралда тұтынушылар өртенген моншаның ішінде қалып қойған

    Индонезияда жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам із-түзсіз жоғалды

    Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалды. 108 адам құтқарылып, алты адамның қаза тапқаны расталды. Іздеуге 600-ден астам маман жұмылдырылды.

    Индонезияда жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам із-түзсіз жоғалды

    Фото: әлеуметтік желі

    Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі суға батып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-ден астам маман жұмылдырылды. Бұл туралы ел билігі мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Virgo Transport 8 кемесі 13 қыркүйекте Сурабая қаласынан Оңтүстік Калимантан провинциясындағы Банджармасинге қарай бет алған. Бортта барлығы 243 адам — 213 жолаушы мен 30 экипаж мүшесі болған.

    Алдын ала деректерге сүйенсек, кеме қатты ауа райына тап болған. Теңіздегі толқын биіктігі үш метрге жеткен. Осыдан кейін кеме байланыстан үзіліп, кейін аударылғаны анықталған.

    Соңғы мәлімет бойынша, 108 адам құтқарылып, алты адамның қаза тапқаны расталды. 129 адам әлі іздестіріліп жатыр.

    Құтқару жұмыстарына 600-ден астам маман, 17 кеме және бес тікұшақ тартылған. Алайда теңіздегі қатты жел мен биік толқын іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп отыр. Ауа райы жақсарған жағдайда су астындағы құтқару топтарын да іске қосу жоспарланған.

    Қазір апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →