Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 15 қыркүйек 2026 $ 452,2 523,1 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Қазгидромет» 14 қыркүйектегі ауа сапасына болжам жариялады

    «Қазгидромет» 14 қыркүйекте Алматы, Ақтөбе, Атырау және түнде Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін хабарлады. Ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

    «Қазгидромет» 14 қыркүйектегі ауа сапасына болжам жариялады

    Сурет: istockphoto

    «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын ұсынды. Хабарламаға сәйкес, 14 қыркүйекте Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларында, сондай-ақ түнде Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. Олардың қатарында тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман және инверсия бар.

    Осындай жағдайлар кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →