Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты •

    Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Модимен кездесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесіп, БРИКС саммитінің табысты өтуімен құттықтады және қазақ-үнді қарым-қатынасының қарқынды дамуын атап өтті.

    Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Модимен кездесті

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Кездесу барысында Президент Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді БРИКС саммитінің табысты өтуімен құттықтады. Ол халықаралық ауқымдағы іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы әлемдік экономикада көшбасшылардың бірі саналатын Үндістанның ғылыми-техникалық саладағы тамаша жетістіктеріне және халықаралық аренадағы зор беделіне тоқталды.

    — Үндістан Сіздің парасатты әрі тегеурінді басшылығыңызбен прогресс пен орнықты даму жолында алға қарай нық қадам басып келеді, — деді Президент.

    Мемлекет басшысы қазақ-үнді қарым-қатынасы көптеген бағытта қарқынды ілгерілеп келе жатқанын атап өтті.

    — Бүгінде Қазақстанда үнді капиталының үлесі бар 600-дей компания нәтижелі жұмыс істейді. Былтыр елімізге 150 мыңға жуық Үндістан азаматы келді. Қазақстанда көптеген үнді студенттері білім алып жүр. Сондай-ақ біз халықаралық ұйымдар аясында тығыз ықпалдастық орнаттық, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →