Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 $ 450,8 522,9 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Теміртауда жаяу жүргіншілер жолы қайта опырылды: тұрғындар жөндеуді аяқтауды талап етеді Қарағандыда 10 қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды Тоқаев БРИКС саммитінде жасанды интеллект пен су ресурстары жөнінде бастама көтерді Тоқаев: БҰҰ-ға балама жоқ, оның Жарғысы мүлтіксіз сақталуы тиіс Кәріз суларынан есірткі іздерін анықтау жұмыстары жалғасуда Астанада туристік полиция қызметкерлері әдеп нормаларын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды Теміртауда жаяу жүргіншілер жолы қайта опырылды: тұрғындар жөндеуді аяқтауды талап етеді Қарағандыда 10 қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды Тоқаев БРИКС саммитінде жасанды интеллект пен су ресурстары жөнінде бастама көтерді Тоқаев: БҰҰ-ға балама жоқ, оның Жарғысы мүлтіксіз сақталуы тиіс Кәріз суларынан есірткі іздерін анықтау жұмыстары жалғасуда Астанада туристік полиция қызметкерлері әдеп нормаларын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды

    Тоқаев БРИКС саммитінде жасанды интеллект пен су ресурстары жөнінде бастама көтерді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитінде жасанды интеллект пен су ресурстарын басқару жөнінде бастамалар көтерді.

    Тоқаев БРИКС саммитінде жасанды интеллект пен су ресурстары жөнінде бастама көтерді

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы экономиканы, қоғамды және күштердің жаһандық теңгерімін өзгерте бастаған жасанды интеллектінің рөліне тоқталды, деп хабарлайды Ақорда.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    – БРИКС қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің технологиялық әлеуетін олардың ауқымымен ұштастырып, инновация, инвестиция және тұрақты экономикалық өсімнің жаңа мүмкіндігін ұсына алады. Қазақстан үшін жасанды интеллект стратегиялық басымдыққа ие. Бұл ретте еліміз БРИКС плюс аясындағы тиімді ынтымақтастықтың аясын кеңейту үшін алдыңғы қатарлы есептеу инфрақұрылымын, сондай-ақ БҰҰ-ның ұлттық және цифрлық орталықтарын жұмылдыруға дайын. Нақты шара ретінде жасанды интеллект саласы бойынша БРИКС плюс серіктестігін іске қосуды ұсынамын. Оның аясында ұлттық ЖИ орталықтарын біріктіруге, зертханалар мен ғылыми жобаларды қолжетімді етуге, сондай-ақ бірлесіп көптілді шешімдер әзірлеуге болады, – деді Президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, орнықтылық технологиялық тұрғыдан алға басумен ғана өлшенбейді.

    – Бәріміз үшін зор маңызға ие су ресурстары мәселесін көтергім келеді. Жаһандық деңгейде су ресурстарын басқару ісі шашыраңқы жүргізіліп келеді. Осы орайда, әлем елдерінің күш-жігерін бір арнаға тоғыстырып, мемлекетаралық үйлестіру жұмыстарын нығайту үшін Халықаралық су ұйымын құруды ұсындық. Ол БҰҰ-ның арнаулы құрылымы ретінде қызмет етеді. БРИКС-ке мүше мемлекеттер мен серіктестерімізді осы маңызды жобаны қолдау үшін Қазақстан бастамашы болған халықаралық консультацияларға қосылуға шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.

    ✔️Президент сөзін түйіндей келе, тиімді көпжақты ынтымақтастық болмаса, көпполярлы жүйе жікке бөлінуді одан сайын ушықтырып, адамзатқа қауіп төндіретінін айтты. Оның пікірінше, Қазақстан егемендікке, мүдделердің теңгеріміне және ортақ жауапкершілікке негізделген жасампаз көпполярлы жүйені қолдайды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делидегі саммит нақты ынтымақтастық пен бірлескен прогресс арқылы осы көзқарасты ілгерілетуге ықпал етеріне сенім білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →