Трамп Тоқаевқа жолдау жолдап, Қазақстанды мерейтойымен құттықтады
АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдау жолдап, Қазақстан халқын елдің маңызды мерейтойымен құттықтады және стратегиялық серіктестікті жоғары бағалады.
Фото: Ақорда
АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдау жолдады. Өз хатында ол Қазақстан халқын елдің маңызды мерейтойымен құттықтап, Астана мен еліміздің барлық өңірінде миллиондаған қазақстандық мәдениетін, тарихи мұрасын және елдің бірегей табиғатын мақтанышпен атап өтетінін жазды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Сонымен қатар Трамп Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті.
«Сізбен бірге президенттік қызметтегі екі мерзімімде қалыптасқан тамаша қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға үміттенемін», – деді ол.
Бұдан бөлек, Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты «күшті әрі шешімді көшбасшы» деп атап, Қазақстанның Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған мерекеге қосылу өзі үшін үлкен мәртебе екенін жеткізді.
