Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 $ 450,8 522,9 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакина US Open-2026 финалында Соболенконы жеңіп, тарих жасады Трамп Тоқаевқа жолдау жолдап, Қазақстанды мерейтойымен құттықтады Трамп Қазақстанды Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен бірінші болып құттықтады Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды Алматы облысында шатқалда адасқан тоғыз адам тікұшақпен құтқарылды Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының финалында Соболенкодан бірінші сетті ұтып алды Рыбакина US Open-2026 финалында Соболенконы жеңіп, тарих жасады Трамп Тоқаевқа жолдау жолдап, Қазақстанды мерейтойымен құттықтады Трамп Қазақстанды Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен бірінші болып құттықтады Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды Алматы облысында шатқалда адасқан тоғыз адам тікұшақпен құтқарылды Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының финалында Соболенкодан бірінші сетті ұтып алды

    Трамп Қазақстанды Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен бірінші болып құттықтады

    Ақорда АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтау хатын жариялады.

    Трамп Қазақстанды Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен бірінші болып құттықтады

    Фото: Ақорда

    Ақорда АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жолдаған құттықтау хатын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Трамп Қазақстанмен арадағы серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді.

    «Құрметті Президент мырза! Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жылы лебізімді қабыл алыңыз! Миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді. Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін», – деп жазды АҚШ президенті.

    Ол Қазақстан халқының бағына орай, Тоқаевтай тегеурінді әрі батыл көшбасшысы барын атап өтіп, қуанышты сәтті қазақстандықтармен бөлісу өзі үшін зор мәртебе екенін жазды.

    Бұған дейін БРИКС саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен кездескені туралы жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →