Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының вице-президенті болды
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының вице-президенті болып сайланды.
Фото: әлеуметтік желі
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Сайлау бүгін, 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өткен ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясында өтті.
Геннадий Головкин 2026–2029 жылдарға арналған Атқарушы комитет құрамына Азия және Еуропа өңірлері бойынша вице-президент ретінде енді.
ISSA президенті қызметіне Сауд Арабиясының спорт министрі, елдің Олимпиада және Паралимпиада комитетінің басшысы, ханзада Абдулазиз бин Турки Әл-Фейсал қайта сайланды.
Геннадий Головкиннің ISSA басшылығына сайлануы оның халықаралық спорт саласындағы қызметіндегі жаңа кезең болды. Ол 2024 жылдың ақпанынан бері Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметін атқарып келеді.
Ал 2025 жылдың қарашасында Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып сайланған. Осылайша ол Олимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық федерацияны басқарған Қазақстанның алғашқы өкілі атанды.
