Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова 89 жасында өмірден өтті • Алматыда тауда адасқан екі жасөспірімді құтқарушылар тауып алды • Ыстанбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісіне қатысты тың деректер белгілі болды • Корал Харт ЖИ көмегімен 370-тен астам кітап шығарып, $1 млн табыс тапты • Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова 89 жасында өмірден өтті • Алматыда тауда адасқан екі жасөспірімді құтқарушылар тауып алды • Ыстанбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісіне қатысты тың деректер белгілі болды • Корал Харт ЖИ көмегімен 370-тен астам кітап шығарып, $1 млн табыс тапты • Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады •

    Асанәлі Әшімовтің бейітіне ескерткіш тұрғызылды

    Асанәлі Әшімовтің бейітіне ескерткіш тұрғызылды
    Фото: adyrna.kz

    Алматыдағы «Кеңсай» зиратында қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің бейітіне орнатылған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Ескерткіштің авторы – мүсінші Гүлфия Мендеш. Ол бұған дейін де Асанәлі Әшімовтің көзі тірісінде актердің бірнеше бюст-ескерткішін жасаған.

    Асанәлі Әшімұлы Қазақстан театрлары қауымдастығының президенті, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған.

    Өнер иесі қазақ киносының дамуына елеулі үлес қосты. Ол «Қыз Жібек» фильміндегі Бекежан, «Атаманның ақыры» картинасындағы Шадияров, «Сарқырамадағы» Мәмбет, «Транссібір экспресіндегі» Қасымханов және «Бұлғар даласынан ескен жылы жел» фильміндегі Шыңғыс хан секілді кейіпкерлерді сомдады.

    Актердің «Атаманның ақыры» фильміндегі Шадияров рөлі үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығына ие болды. Ал «Транссібір экспресіндегі» Қасымханов бейнесі оған бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесін әкелді.

    Асанәлі Әшімов шығармашылықпен қатар әдебиетке де үлес қосты. Ол «Майраның әні», «Жан бөлек», «Менің жанрым – күнделік», «Ғұмыр-дария» атты кітаптардың авторы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →