Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 11 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар елші тағайындалды

    Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар елші тағайындалды

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

    Талғат Мұбарақұлы Адуов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

    Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →