Астана 2028 жылы Әлемдік мұнай кеңесінің конгресін өткізеді
2028 жылы Астанада Әлемдік мұнай кеңесінің конгресі өтеді. Дайындықты энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен Сауд Арабиясының елшісі талқылады.
2028 жылы Қазақстан астанасында Әлемдік мұнай кеңесінің конгресі өтеді. Бұл — әлемдегі ең ауқымды энергетикалық форумдардың бірі.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Іс-шараны дайындау мәселелерін энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен Сауд Арабиясының елшісі Файсал Әл-Қаxтани талқылады.
Кездесуде форумды ұйымдастыру, ОПЕК+ аясындағы ынтымақтастық, жаңартылатын энергетиканы дамыту және «жасыл» технологияларды енгізу мәселелеріне баса назар аударылды. Қазақстан конгресті ірі жобаларды ілгерілету, іскерлік байланыстарды кеңейту және мұнай-газ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін пайдаланбақ.
Қазақстан Әлемдік мұнай кеңесінің жұмысына 2008 жылдан бері қатысып келеді.
