Ташкентте 55 мың орындық жаңа стадион салынып жатыр
Ташкенттегі «Жаңа Ташкент» аумағында 55 мың орындық стадион салынып жатыр. Құрылыстың 65 пайызы аяқталған, жоба құны 100 миллион доллар.
Сурет: t.me/yangitoshkent_press
Өзбекстан астанасы Ташкентте Орталық Азиядағы ең ірі спорт ареналарының бірі бой көтеріп келеді. «Жаңа Ташкент» аумағындағы нысанның 55 мың көрерменге арналғаны белгілі болды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Qazsport мәліметінше, стадион құрылысының 65 пайызы аяқталған. Бұл көрсеткіш бойынша жаңа арена Қырғызстандағы 51 мың орындық «Бішкек Арена» стадионынан үлкен болмақ.
Жобаның жалпы құны шамамен 100 миллион долларды құрайды. Стадион маңында метро станциясын және 5500 автокөлікке арналған тұрақ салу жоспарланған. Сонымен қатар арена жабық шатырмен жабдықталады.
Құрылыс 2025 жылдың қарашасында басталған. Нысанды 2027 жылы өтетін 20 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы әлем чемпионатының негізгі алаңдарының бірі ретінде пайдалану көзделіп отыр.
