«Жұрт несиеден несиеге күн көріп жүр»: Дана Нұржігіт халықтың қиналып жүргенін ашық айтты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан алынған кадр
Белгілі журналист Дана Нұржігіт қоғамда қымбат киім мен сән-салтанатты дәріптеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Желіде тараған сұхбат үзіндісінде ол халықтың басым бөлігі қаржылық қиындық көріп отырған кезде танымал адамдардан киімінің бағасын сұрауды орынсыз деп бағалады.
«Халқының 70–80%-ы кедей тұратын елде жұрттан киімінің бағасын сұрау — журналистер үшін өте ұят нәрсе», – деді Дана Нұржігіт.
Оның пікірінше, жұрт несиеден несиеге күнелтіп жүрген шақта қымбат зат сатып алуды бәсекеге айналдыру дұрыс емес.
Журналистің сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көптеген қолданушы оның пікірін қолдады.
