Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 454,0 527,8 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әскердегі сарбаздарға несие төлеуде жеңілдік берілмек Ескендір Хасанғалиевтің ұлына қатысты қуанышты ақпар шықты Қазақмыс Шу ауданында әлеуметтік нысандар мен спорт алаңдарын салып жатыр Петропавлда 25 жыл жазасын өтеген қылмыскер тағы 9 жылға сотталды Азиада-2026: ауыр атлетикадан ел намысын кімдер қорғайды «Гольф ойнап, шаңғы тебуі керек»: Баян Алагөзова болашақ күйеу баласына қатысты айтты Әскердегі сарбаздарға несие төлеуде жеңілдік берілмек Ескендір Хасанғалиевтің ұлына қатысты қуанышты ақпар шықты Қазақмыс Шу ауданында әлеуметтік нысандар мен спорт алаңдарын салып жатыр Петропавлда 25 жыл жазасын өтеген қылмыскер тағы 9 жылға сотталды Азиада-2026: ауыр атлетикадан ел намысын кімдер қорғайды «Гольф ойнап, шаңғы тебуі керек»: Баян Алагөзова болашақ күйеу баласына қатысты айтты

    Ақмола облысында 64 жастағы ер адам оққа ұшты

    Ақмола облысында 64 жастағы ер адам оққа ұшты

    Фото: Видеодан скриншот/Ақмола облыстық ПД

    Қайғылы оқиға Зерендідегі аңшылық шаруашылық аумағында орын алған.  Топ мүшесінің бірі аңды атамын деп, абайсызда танысын атып жіберген, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Оқ тиген 64 жастағы ер адам тіл тартпастан кеткен. Қайғылы оқиға 6 қыркүйек күні таңертең Қызылтаң ауылының маңындағы аңшылық кезінде болған.

    Тергеу мәліметінше, 6 адамнан тұрған топ аңшылар елік атуға аңға шыққан. Көкшетау тұрғынының мылтығынан кенеттен артқа қарай абайсызда оқ атылған. Аң аулау шарасы тиісті рұқсат қағаздары мен жолдамалар негізінде заңды түрде ұйымдастырылғаны анықталды.

    Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

    Қарудың иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың нақты себептері мен оқиғаға қатысушылардың әрекеттері тексеріліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →