Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы •

    Алматыда екі жігіт жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ жұмсамақ болды

    Алматыда екі жігіт жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ жұмсамақ болды

    Фото: Gov.kz

    Алматыда жедел жәрдем шақырып, кейін медицина қызметкерлерін пышақпен қорқытқан екі ер адам полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы жедел жәрдем бригадасы тәртіп сақшыларына хабарлаған.

    Полиция қызметкерлері Қазыбек би және Бәрібаев көшелерінің қиылысына барып, күдіктілерді ұстады. Алдын ала ақпарат бойынша, ер адамдар есірткіге масаң күйде болған. Олар медицина қызметкерлері келгенге дейін синтетикалық есірткі қолданғандарын айтқан. Оқиға салдарынан жедел жәрдем қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

    Ұсталған екі адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір пышақтың қайдан алынғаны, оны сақтау және алып жүру мақсаты, сондай-ақ оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

    Полиция ұсталғандардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →