Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Месси MLS тарихында үш маусым қатарынан 30+ гол мен пас жасаған тұңғыш ойыншы атанды

    Лионель Месси MLS тарихында үш маусым қатарынан 30+ гол мен пас жасаған тұңғыш ойыншы атанды. Ол бұл көрсеткішке «Атланта Юнайтедке» қарсы матчта жетті.

    Месси MLS тарихында үш маусым қатарынан 30+ гол мен пас жасаған тұңғыш ойыншы атанды

    Сурет: Rich Storry/Getty Images

    Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси АҚШ-тың Жоғарғы футбол лигасында (MLS) тарихи рекорд орнатты. Ол лига тарихында үш маусым қатарынан 30-дан астам гол мен нәтижелі пас тіркеген алғашқы ойыншы атанды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұл көрсеткішке Месси 6 қыркүйекте «Атланта Юнайтедке» қарсы өткен кездесуде жетті. Аталған матч оның Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтау туралы шешімінен кейінгі алғашқы ойыны болды.

    Кездесудің 32-минутында Месси бұрыштамадан бразилиялық Каземироға дәл пас шығарып, соңғысы баспен соққы жасап, «Интер Майамиді» алға шығарды. Осы нәтижелі пастың арқасында Месси MLS-тегі кезекті тарихи көрсеткішін жаңартты.

    Алайда «Интер Майами» жеңісті есепті сақтап қала алмады. Матч 2:2 есебімен тең аяқталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →