Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда үш орман өрті тіркеліп, барлығы сөндірілді • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қазақстанда үш орман өрті тіркеліп, барлығы сөндірілді • «Қазгидромет» 26 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Астанадағы рейдтер: 27 шетелдік елден шығарылды, 2300-ден астам құқықбұзушылық анықталды • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді •

    Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

    Алматы облысында Алматы – Өскемен тасжолында болған жол апатынан екі жаяу жүргінші қаза тапты. Chevrolet Cobalt жүргізушісі екі ер адамды қағып кеткен. Тергеу жүріп жатыр.

    Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

    Сурет: t.me/zhest_kz_official

    Алматы облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға 6 қыркүйекте Алматы – Өскемен тасжолының 18-шақырымында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Chevrolet Cobalt көлігін тізгіндеген 37 жастағы жүргізуші жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан екі егде жастағы ер адамды қағып кеткен.

    Соққының салдарынан екі жаяу жүргінші де оқиға орнында қайтыс болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Істің мән-жайы анықталып жатыр, әрі тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →