Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді • Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды • Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді • Индонезияда жойылған саналған Банка лориі қайта табылды • Республика күні қарсаңында: жеті жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге инвестиция салынды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді • Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды • Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді • Индонезияда жойылған саналған Банка лориі қайта табылды • Республика күні қарсаңында: жеті жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге инвестиция салынды •

    Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті

    Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті
    Фото: ulysmedia.kz

    Алматы облысындағы тұрғын үй кешенінің ауласында екі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оқиғаның бейнежазбасы желіде тарады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 4 қыркүйек күні сағат 18:20 шамасында Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінің аумағында болған.

    «Балалар түрлі дене жарақаттарын алып, қажетті медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен 25 жастағы Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісін жауапкершілікке тартты», – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, әсіресе балалар жүретін тұрғын үй аумақтарында, қатаң сақтауға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →