Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Арыста алты адамды қаққан әйел сотталды Ләйлә Сұлтанқызы өзінің қандай ене болатынын ашық айтты «Жол ма, кедергілер жолағы ма?»: ШҚО-дағы ойлы-қырлы жол жүргізушілерді әбігерге салды «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Арыста алты адамды қаққан әйел сотталды Ләйлә Сұлтанқызы өзінің қандай ене болатынын ашық айтты «Жол ма, кедергілер жолағы ма?»: ШҚО-дағы ойлы-қырлы жол жүргізушілерді әбігерге салды

    Арыста алты адамды қаққан әйел сотталды

    Арыста алты адамды қаққан әйел сотталды

    Фото: inbusiness.kz

    Арыстағы жантүршігерлік жол апатына үкім шықты, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

    Түркістан облысының Арыс қаласында мас күйде көлік жүргізіп, 6 адамды қаққан әйел 9 жылға сотталды. Сондай-ақ сот қаза тапқандардың туыстары мен жарақат алғандарға 35 млн теңге көлемінде моральдық шығынды төлеуді міндеттеді. Айыпталушының 14 жасқа толмаған, мүмкіндігі шектеулі қызының болуына байланысты жазасын өтеу мерзімі кейінге шегерілді.

    – Бибінұр Қасымова бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейді деп белгіленсін. Бибінұр Ізбасаровна Касымованың асырауында жас баланың болуына байланысты оған тағайындалған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасының орындалуы 1 жыл мерзімге кейінге қалдырылсын, – деді үкімді оқыған Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Марат Күздеубаев.

    Еске салайық, бұл оқиға биыл маусым айында Арыс қаласындағы көшелердің бірінде болған еді. Мас күйде көлік тізгіндеген 52 жастағы тұрғын үйдің жанындағы орындықта отырған әйел мен балаларын жаншып өткен. Салдарынан оқиға орнында жүкті әйел мен кәмелетке толмаған 2 жасөспірім қайтыс болды. Тағы екі әйел мен 1,5 жастағы сәбиі ауыр жарақат алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →