Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «10 жыл күткен үйіміз құлап кете ме?»: Ақтөбеде «Бақытты отбасы» арқылы баспана алған тұрғындар қауіптеніп отыр Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты Асхат Асылбеков қазіргі вице-президент Ерлан Қарин үшінші президент болуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО) Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді «10 жыл күткен үйіміз құлап кете ме?»: Ақтөбеде «Бақытты отбасы» арқылы баспана алған тұрғындар қауіптеніп отыр Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты Асхат Асылбеков қазіргі вице-президент Ерлан Қарин үшінші президент болуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО) Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді

    Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО)

    Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО)

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым АҚШ президентінің ұлы Дональд Трамп-кішімен кездесіп, оған қазақтың ұлттық киімдерін сыйға тартты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Блогер АҚШ президентінің ұлымен түскен суреттерін Instagram парақшасында бөлісті. Дастанның айтуынша, олар табиғат аясында үш күн бірге болған. Демалыс кезінде блогер оны қазақ халқының ұлттық мәдениетімен таныстыруды ұйғарып, дәстүрлі шапан мен тұмақ кигізген.

    «Демалыс кезінде оған қазақы шапан сыйлап, дәстүрлі тұмақты кигізудің сәті түсті!», — деп жазды блогер.

    Сондай-ақ Дастан бұл сыйлықты ұйымдастыруға көмектескен жандарға алғысын білдірді. Жарияланған кадрларға қарағанда, Трамп-кішіге қазақтың ұлттық киімі ұнаған сияқты.

    Бұған дейін Дастан Сатпаев пен ByDastann Халықаралық волонтёрлер жылының әлемдік амбассадорлары атанғаны хабарланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →