Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО) Популистік ұраннан нақты нәтиже артық, реформалардың басты өлшемі бар — саясаттанушы «Димаш ән салған той»: Танымал блогер Дәмелінің қуанышынан жаңа кадрлар тарады (ВИДЕО) Жер сілкінісі кезінде баспана қираса, шығынды кім өтейді: сақтандыру ма, мемлекет көмегі ме? «Қатты ұяламын»: Ернар Айдар алғашқы концерті туралы сырын ашты (ВИДЕО) Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО) Популистік ұраннан нақты нәтиже артық, реформалардың басты өлшемі бар — саясаттанушы «Димаш ән салған той»: Танымал блогер Дәмелінің қуанышынан жаңа кадрлар тарады (ВИДЕО) Жер сілкінісі кезінде баспана қираса, шығынды кім өтейді: сақтандыру ма, мемлекет көмегі ме? «Қатты ұяламын»: Ернар Айдар алғашқы концерті туралы сырын ашты (ВИДЕО)

    Популистік ұраннан нақты нәтиже артық, реформалардың басты өлшемі бар — саясаттанушы

    Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – елдегі саяси жаңғыруды нақты әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге ұластыратын маңызды меже.

    Популистік ұраннан нақты нәтиже артық, реформалардың басты өлшемі бар — саясаттанушы

    Қоғам бүгінде абстрактілі саяси ұрандардан гөрі, күнделікті өмір сапасын арттыратын нақты қадамдар мен экономикалық тұрақтылықты күтіп отыр. Саясаттанушы Жанат Момынқұлов жаңа Жолдаудың мәні, Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдаланудың маңызы және реформалардың басты өлшемі туралы өз пайымын білдірді. Бұл туралы Qazaqtoday порталы жазды.

    «Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – Қазақстанның жаңа саяси кезеңге тұспа-тұс келді. Соңғы кезде саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған реформалар жүргізіліп, жаңа саяси конфигурация қалыптасты. Енді қоғам үшін саяси өзгерістердің өзінен гөрі, олардың әлеуметтік-экономикалық өмірге беретін нақты нәтижесі маңызды.

    Меніңше, саяси реформалар кезеңі біртіндеп нәтижелер кезеңіне ұласуы тиіс. Халықтың тұрмысы мен табысы, сапалы жұмыс орындары, білім мен денсаулық сақтау, инфрақұрылым және баға тұрақтылығы – Жолдаудың тиімділігін бағалайтын негізгі өлшемдер осы болуы керек» дейді сарапшы.

    Жанат Момынқұлов:

    «Осы тұрғыдан Ұлттық қор қаражатын стратегиялық маңызды жобаларға бағыттау ерекше мәнге ие. Бұл қаражаттың әр теңгесі нақты мақсатқа жұмсалып, ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық нәтиже беруі тиіс. Бүгінгі инвестиция ертеңгі ұрпаққа қызмет ететін инфрақұрылымға, жаңа өндірістерге, технология мен адами капиталға айналуы қажет.»

    Маман пікірінше, экономикада да сандық көрсеткіштен сапалық нәтижеге көшу маңызды. Жаңа өндірістер мен технологиялардың іске қосылуы, жоғары жалақылы жұмыс орындарының ашылуы түптеп келгенде халықтың табысы мен өмір сапасынан көрінуі керек. Өлшемі – осы.

    «Сондықтан биылғы Жолдауды бұрын қабылданған шешімдердің нақты нәтижесін көрсетіп, ел дамуының келесі кезеңіне бағыт беретін стратегиялық бағдарлама ретінде қабылдар едім. Қоғам қазір жаңа ұраннан гөрі, нақты өзгерісті күтеді» дейді Ж. Момынқұлов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →