Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Арыста жүкті әйел мен екі бала қаза тапқан жол апаты: мұғалім сот алдында

    Арыста жол апатынан жүкті әйел мен екі бала қаза тапты. Мас мұғалімге қатысты сот процесі жүріп жатыр, прокурор 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

    Арыста жүкті әйел мен екі бала қаза тапқан жол апаты: мұғалім сот алдында

    Фото: Седьмой канал

    Биылғы жазда Арыс қаласында болған жол апаты бүкіл елді дүр сілкіндірді. Сол күні бірнеше әйел мен бала үйдің жанындағы орындықта отырған, кенет оларға автокөлік соқтығысқан.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Адамдарды кірпіш қабырғаға қысып, қабырға да құлаған. Салдарынан 29 жастағы жүкті әйел, оның 2 жастағы ұлы және көршілердің 5 жастағы қызы қаза тапты. Тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілді.

    Кейін анықталғандай, көлікті 52 жастағы мұғалім мас күйінде басқарған. Қазір сот процесі жүріп жатыр, үкім 7 қыркүйекте жарияланады.

    Прокурор мұғалімге 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Алайда оның кәмелетке толмаған қызы болғандықтан, жазаны кейінге қалдыруды өтінді.

    Айыпталушының өзі соттан жазасын жеңілдетуді сұрап, мүгедек кәмелетке толмаған қызын тәрбиелеп отырғанын алға тартты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →