Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде
Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған деген күдікке іс қозғалды. Қыздың туысы мәлімдегендей, бала денесінде іздер бар, психологиялық жарақат алған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Фото: T hreads.com/@maksatuly_45
Астанада мектепке дейінгі мекемеде тәрбиешінің балаға қол көтергені туралы іс қозғалды. Бұл туралы қыз баланың туысы хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Оның айтуынша, қыздың өзі тәрбиешінің оны ұрғанын айтып, денесіндегі көгерген жерлерін көрсеткен. Сондай-ақ баланың денесінде іздер байқалған.
Ата-анасы баланы травматология бөлімшесіне апарған. Медициналық құжатта алдын ала диагноз ретінде маңдай және бет сүйектерінің жұмсақ тіндерінің соғылуы көрсетілген.
Туыстың сөзінше, тәрбиеші оқиғаны баланың «өзін жаман ұстағанымен» және «тыңдамағанымен» түсіндірген.
Отбасы бұл оқиға баланың психологиялық жағдайына әсер еткенін айтады: қыз түнде қорқып оянады, сонымен қатар еріксіз зәр шығару проблемасы пайда болған.
Астана қаласы Сарайшық ауданы полиция басқармасы бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Нәтижесінде кінәлі адамдардың әрекетіне заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі.
Бұған дейін Атырауда жеке балабақшада бір жасар балаға қатыгездік жасалғаны туралы іс қозғалған болатын.
