Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды
Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталып, сот оны әкімшілік қамаққа алды.
Фото: МВД Медиа
Алматыда қоғамдық орында бейтаныс қызбен танысуға тырысқан ер адамның әрекеті жанжалға ұласты. Бойжеткен оның ұсынысын қабылдамай, танысудан бас тартқан. Бұған ашуланған ер адам қыздың үстіне су шашып жіберген.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Оқиғадан кейін қыз полицияға арызданып, болған жағдайды хабарлаған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Жиналған материалдар сотқа жолданып, ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.
Сот отырысында ер адамның қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталып, ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Нәтижесінде сот оған әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.
