Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО) Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО) Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды Тоқаев Лаос президентін әуежайдан шығарып салды (ВИДЕО) «Сенуге тұрмайтын адам»: Баян Алагөзова бірнеше рет ажырасқан Мөлдір Әуелбекова жайлы пікір білдірді «Неге жармассақ, Құдай сонымен сынайды»: коуч Құралай өміріндегі қиыншылықтары туралы айтты (ВИДЕО) Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО) Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО) Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды Тоқаев Лаос президентін әуежайдан шығарып салды (ВИДЕО) «Сенуге тұрмайтын адам»: Баян Алагөзова бірнеше рет ажырасқан Мөлдір Әуелбекова жайлы пікір білдірді «Неге жармассақ, Құдай сонымен сынайды»: коуч Құралай өміріндегі қиыншылықтары туралы айтты (ВИДЕО)

    Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды

    Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды
    Фото: ІІМ

    Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    ІІМ мәліметінше, пойыз қозғалысы кезінде полицейлер вагон терезесінен теміржол жиегінде жүрген үш жасөспірім пойызға тас лақтырып жатқанын байқаған. Қауіптің алдын алу мақсатында полиция қызметкері пойыз машинисімен шұғыл байланысып, жылдамдықты төмендетуді сұраған.

    Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде жасөспірімдер ұсталып, ата-аналарымен бірге Шымкент станциясындағы полиция басқармасына жеткізілген.

    Кәмелетке толмағандар өз әрекетін мойындаған. Олармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →