Ақтөбеде 6 адамның өмірін жалмаған жол апаты тіркелді
Фото: Pixabay
Қайғылы оқиға Қандыағаш қаласына жақын жерде, Ақтөбе – Астрахань республикалық маңызы бар тасжолының 94-шақырымында болған, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Полиция мәліметінше, жолда екі Toyota Camry көлігі бетпе-бет соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктердегі адамдардың ешқайсысы аман қалмаған. Жол апатынан Ақтөбе және Атырау облыстарының тұрғындары қаза тапты.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Апаттың нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды.
