Көпір саламыз деп, жолды ми батпаққа айналдырған ба? Оралдағы жол жұрттың ашуын туғызды
Фото: видеодан скрин
Оралдағы «Ақжайық» шағынауданына апаратын жолдың қазіргі жағдайы әлеуметтік желіде талқыға түсті. Желіде тараған видеодан құрылыс жүріп жатқан аумақта жолдың ойлы-шұңқырлы әрі көлік қатынасына қолайсыз күйге түскені көрінеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Көлік жүргізушісі тегістелмеген жолмен жүруге мәжбүр болғанын видеоға түсіріп көрсеткен. Бұл аумақта қазір «Ақжайық» шағынауданын Орал қаласының орталығымен байланыстыратын жол мен жаңа көпір салынып жатыр. Құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады, алайда оған дейін осы бағытпен қатынайтын тұрғындардың қауіпсіз әрі қалыпты жолмен жүруі қалай қамтамасыз етілетіні өзекті мәселе болып отыр. Желі қолданушылары да жолдың қазіргі жағдайына назар аударып, құрылыс кезінде тұрғындарға қолайлы қатынас қарастырылуы керегін жазған.
Видео: @askar19745
