Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award сыйлығын алған алғашқы қазақстандық актриса атанды • Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады • Мбаппе «Реал» сапындағы 100-ші голын «Барселонаға» соқты • Жұмамұрат Шәмші: Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін «көке» керек • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award сыйлығын алған алғашқы қазақстандық актриса атанды • Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады • Мбаппе «Реал» сапындағы 100-ші голын «Барселонаға» соқты • Жұмамұрат Шәмші: Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін «көке» керек •

    Түркістан облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті

    Түркістан облысында №8 «Саратов – Алматы» пойызының вагоны рельстен шығып, зардап шеккендер бар. Оқиға себебі анықталып жатыр.

    Түркістан облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті

    Фото: Politico.kz

    Түркістан облысындағы Жаңақорған – Түркістан теміржол учаскесінде №8 «Саратов – Алматы» жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті. Бұл оқиға салдарынан зардап шеккендер бар.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға кезінде вагонда 36 жолаушы болған, оның ішінде 13-і балалар. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, вагон рельстен шыққан сәтте дәретханада болған әйел басынан жарақат алған. Сонымен қатар, көрші вагондағы баланың үстіне қайнаған су төгіліп, ол күйік алған.

    «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының хабарлауынша, оқиғаға техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта көлік полициясы қылмыстық іс қозғап, оқиғаның нақты мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.

    Жолаушыларды межелі жерлеріне жеткізу үшін қосымша пойыз ұйымдастырылған. Оқиға орнына қалпына келтіру пойызы да жіберілді. Қазір тиісті мамандар оқиға салдарын жою және теміржол қозғалысын қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →