Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Әлемдегі ең ықпалды елдердің қатарына қосылып, 34-орында тұрмыз • Қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды – Президент • Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев • Ауызсу тартамыз деп, кәріз жүйесін жарып жіберді: Қарағандыны нәжіс суы басуда  • Бензин құю кезінде күйіп қалған ақтөбелік жұмысшы көз жұмды • Алматының туристік әлеуеті Сингапурдегі ITB Asia 2026 көрмесінде таныстырылып жатыр • Тоқаев: Әлемдегі ең ықпалды елдердің қатарына қосылып, 34-орында тұрмыз • Қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды – Президент • Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев • Ауызсу тартамыз деп, кәріз жүйесін жарып жіберді: Қарағандыны нәжіс суы басуда  • Бензин құю кезінде күйіп қалған ақтөбелік жұмысшы көз жұмды • Алматының туристік әлеуеті Сингапурдегі ITB Asia 2026 көрмесінде таныстырылып жатыр •

    Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты

    Орал маңындағы Круглоозерное кентінде 1 қыркүйекте 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

    Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты

    Сурет: pixabay.com

    1 қыркүйек күні кешке қарай Орал қаласына қарасты Круглоозерное кентінде 10 жастағы бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып, қайтыс болды. Бұл туралы turkystan.kz сайты хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, шамамен сағат 20:30-да бала қосалқы станцияға шыққан. Сол жерде оны ток соққан.

    «Биіктен құлау және алған жарақаттары салдарынан бала есін жимастан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

    Марқұмның жақындары оны 3 қыркүйекте ақтық сапарға шығарып салды.

    Сыныптастарының ата-аналары баланың пысық, білімқұмар әрі достарына адал болғанын айтады. Олардың сөзінше, 1 қыркүйекте ол мектепке барып, үйге келгеннен кейін тамақтанып, сыртқа шығып кеткен.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға кезінде баланың жанында достары болған. Олар оның қосалқы станцияға қашан көтерілгенін байқамай қалғанын жеткізген.

    Куәгерлер ток соққан кезде қатты ұшқын шығып, баланың биіктен құлағанын айтқан.

    Ауыл тұрғындары электр нысанының қауіпсіздігіне қатысты мәселе де көтерді. Олардың сөзінше, қосалқы станция аумағы толық қоршалмаған, кей кездері есіктері ашық тұратын болған және балалар нысанның маңында жиі ойнаған.

    Марқұм жергілікті мектептің бесінші сыныбында оқыған.

    Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →