Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award сыйлығын алған алғашқы қазақстандық актриса атанды • Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады • Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award сыйлығын алған алғашқы қазақстандық актриса атанды • Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады •

    Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын

    «МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов жүрек ұстамасынан кейін Ақтауға оралды. Сәкен Майғазиев бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлады.

    Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын

    Сурет: sn.kz

    Әлеуметтік желіде «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің Ақтауға келгенін хабарлады. Бұл туралы ол өз парақшасында жазды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Кенжебек Жанәбілов жүрек ұстамасына байланысты ауруханаға жатқызылған еді. Емнен кейін оның денсаулығы айтарлықтай жақсарған. Сондықтан дәрігерлер оған әуе жолымен сапар шегуге рұқсат берген.

    «Сүйінші, қазақ елі! Дәрігерлер рұқсат беріп, Кенжебек бүгін Ақтауға ұшып келді. Бірге боламыз, Құдай қаласа», – деп жазды Сәкен Майғазиев.

    Әншінің жазбасына түрлі пікірлер жазылып жатыр. Оқырмандар Кенжебекке тезірек сауығып кетуін тілеп, «МузАРТ» тобының толық құрамда өнер көрсетуін асыға күтетіндерін білдіруде.

    Сондай-ақ кейбір желі қолданушылары бұған дейін топтың концерттерінің бірінде тек екі мүшесі ғана шыққанын еске алып, Кенжебектің сахнаға тезірек оралуын тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →