Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Үкімет құрамына бірқатар жаңа тағайындау жасады Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды Ерке Есмахан жас күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады 392 грамм мефедрон: Алматыда есірткі таратпақ болған екі адам ұсталды «Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын»: Журналист Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуы туралы (ВИДЕО) Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды Тоқаев Үкімет құрамына бірқатар жаңа тағайындау жасады Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды Ерке Есмахан жас күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады 392 грамм мефедрон: Алматыда есірткі таратпақ болған екі адам ұсталды «Қырғыз ағайындарға риза болып отырмын»: Журналист Бішкектегі көшпенділер ойынының ұйымдастырылуы туралы (ВИДЕО) Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

    Шахтинск тұрғыны газ баллонын жарып жібермекші болған

    Шахтинск тұрғыны газ баллонын жарып жібермекші болған
    Фото: Pixabay
    2 қыркүйекте полицияға Шахтинск қаласындағы Карл Маркс көшесінде орналасқан үйлердің біріндегі пәтерде тыныштық бұзылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Мән-жайды анықтау барысында пәтерде болған 33 жастағы ер адам газ баллонын жарып жіберемін деп қорқыта бастаған.

    Қауіпсіздік мақсатында кіреберістен 35 адам эвакуацияланып, ықтимал зардаптардың алдын алу үшін қажетті шаралар қабылданды. Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін ер адам пәтердің есігін ашты. Оның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

    Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Пәтерді тексеру кезінде газдың иісі байқалмады. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

    Тексеру аяқталғанға дейін ол уақытша ұстау камерасына қамалды.

    Бұған дейін 83 жастағы қазақстандықтың өз пәтеріне баса-көктеп кірген тонаушыға тойтарыс бергені туралы жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →