Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

    Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

    Фото: Polisia.kz

    Алматының жеке секторында қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылы 2 қыркүйекте Жетісу ауданындағы жалға алынған жеке үйлердің бірінен ер адамның денесі табылғанын хабарлады.

    «Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам ауладағы дәретханада өзіне-өзі қол жұмсаған.Анықталғандай, ол осы үйде ағасымен бірге тұрған. Қолда бар мәліметке сәйкес, ер адам жұмыс істеген, қалыпты өмір салтын ұстанған. Алкогольді ішімдікке немесе басқа да зиянды әдеттерге әуес болмаған», деп нақтылайды ПД-дан.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →