Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Фариза Төреәлі анасын туған күнімен құттықтады Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Фариза Төреәлі анасын туған күнімен құттықтады Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды?

    Фариза Төреәлі анасын туған күнімен құттықтады

    Фариза Төреәлі анасын туған күнімен құттықтап, жүрекжарды жазба жариялады. Ол анасының отбасындағы орны мен мейірімі туралы сыр шертті.

    Фариза Төреәлі анасын туған күнімен құттықтады

    Сурет: ашық дереккөзден

    Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі анасы Аягөз Қосбатырқызын туған күнімен құттықтап, әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялады. Бұл туралы Malim.kz сайтына сілтеме жасап, turkystan.kz тілшісі хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Фариза анасының отбасы үшін ерекше тұлға екенін атап өтіп, бала кезінен көрген мейірім мен қамқорлықты еске алды. «Анашым дегенде жүрегім елжіреп, дүниенің бар жақсысын алдына жиып бергім келеді. Жүзіндегі күлкісі, қуанышы үшін бәрін жасауға даяр тұрамын. Себебі ана – соның бәріне лайықты», – деп жазды ол.

    Оның айтуынша, Аягөз Қосбатырқызы өмірін балалары мен отбасына арнап, әулеттің берекесін кіргізіп келе жатқан жан. Фариза өзі ана атанған соң ана махаббатының қадірін бұрынғыдан да терең түсінетін болғанын жеткізді. «Анашым, сіздің қызыңыз болғанымды әрдайым мақтан тұтамын. Әр балаңыздың әр жетістігінің артында – сіз барсыз», – деді ол.

    Фариза анасына ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тілеп, әкесімен бірге балалары мен немерелерінің қызығын көруіне тілектестік білдірді. «Сіз бар үйге әлі күнге дейін қыз болып бара алатыным – өмірімдегі ең тәтті бақытымның бірі», – деп жазды ол. Сонымен қатар, ол анасына деген сүйіспеншілігі мен алғысын білдіріп, оның алдағы ғұмырының шуақты әрі бақытты болуын тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →