Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды «Артымызды ашып тастады!»: Спорт журналисі Бішкектегі 51 мыңдық стадион туралы жазды Президент Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөйледі Екі айға шыдамаған асфальт: Түркістан облысында жаңа жол қайта бүлінді «Арманда, ізден, өзіңе сен!»: Жұлдыз Сүлейменова оқушыларға ерекше тілегін арнады (ВИДЕО) 8 мыңнан астам адамнан 21 млрд теңге тартқан: «Amanat Drive» қаржы пирамидасының басшысы ұзақ жылға сотталды Қазақстанда 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды «Артымызды ашып тастады!»: Спорт журналисі Бішкектегі 51 мыңдық стадион туралы жазды Президент Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөйледі Екі айға шыдамаған асфальт: Түркістан облысында жаңа жол қайта бүлінді «Арманда, ізден, өзіңе сен!»: Жұлдыз Сүлейменова оқушыларға ерекше тілегін арнады (ВИДЕО) 8 мыңнан астам адамнан 21 млрд теңге тартқан: «Amanat Drive» қаржы пирамидасының басшысы ұзақ жылға сотталды

    МӘМС-тен 65,9 млн теңге ұрлаған стоматология басшысы сотталды

    МӘМС-тен 65,9 млн теңге ұрлаған стоматология басшысы сотталды

    Фото: depositphotos.com

    Алматы облысы прокуратурасының тексеруі нәтижесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын заңсыз иемденудің кезекті дерегі әшкереленді. Жалған медициналық қызметтер көрсету арқылы мемлекетке 65,9 миллион теңге залал келтірілген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. 

    Стоматологиялық клиниканың басшысы пациенттердің дербес деректерін заңсыз пайдаланып, медициналық жүйеге туа біткен патологиясы бар балаларға көрсетілмеген ортодонтиялық қызметтер туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізген.

    Осының негізінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақшалай қаражат заңсыз аударылып отырған. Прокурорлық тексеру материалдары негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Сот үкімімен кінәлі тұлға сотталып, мемлекетке келтірілген 65,9 млн теңгелік залал толық көлемде өтелді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →