Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия •

    «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы

    «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы

    Фото: Әлеуметтік желіден

    БАӘ-нің Шарджа қаласында қаза тапқан апалы-сіңлілі Ақжан мен Жұлдыз Бохановалардың отбасы қыздарының денесін әлі Қазақстанға жеткізе алмай отыр.

    Марқұмдардың жақындарының айтуынша, бойжеткендер жұмыс істеу үшін Шарджаға барған, ал 18 тамыздағы соңғы хабарламадан кейін олармен байланыс үзілген. Кейін екі қыздың денесі жалдамалы пәтерден табылған, алайда олардың неден және қандай жағдайда көз жұмғаны әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

    Отбасы Сыртқы істер министрлігі тарапынан нақты көмек пен ақпарат жеткіліксіз екенін айтып, «бір адам хабарласып, көмек қолын созбады» деп наразылық білдірді, ал СІМ керісінше Дубайдағы Бас консулдық туыстармен тұрақты байланыста болып, құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп жатқанын мәлімдеді. Қазір марқұмдардың әкесі туыстық қатынасты растауға қажетті сараптамадан өту үшін Шарджаға аттанбақ, содан кейін ғана қыздардың денесін елге жеткізу мәселесі шешілмек. Қайғыдан қан жұтқан отбасы мемлекеттік органдардан рәсімдерді созбай, қыздарының денесін Қазақстанға жеткізуге нақты көмек көрсетуді талап етіп отыр.

    Видео: @symbat.galymbekuly.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →