Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы Халық Ақтөбе әуежайының алдындағы шұрық-тесік жолға наразы Ақтауда бесінші қабаттағы пәтердің дәретханасынан кесіртке шықты Атырауда балкон опырылып түсті: тұрғындар адам мерт болуы мүмкін екенін айтуда Басынан бөтелкемен ұрған: Оралдағы клубта жігіт қызды аяусыз ұрып-соққан Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы Халық Ақтөбе әуежайының алдындағы шұрық-тесік жолға наразы Ақтауда бесінші қабаттағы пәтердің дәретханасынан кесіртке шықты Атырауда балкон опырылып түсті: тұрғындар адам мерт болуы мүмкін екенін айтуда Басынан бөтелкемен ұрған: Оралдағы клубта жігіт қызды аяусыз ұрып-соққан

    Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қырғызстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Президент Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады.

    — Бұл айтулы мереке қырғыз халқының еркіндікке, дербестік пен тәуелсіздікке ұмтылысын айшықтайды. Осы жылдар ішінде Қырғызстан ел болып еңсе тіктеуден бастап, орнықты дамуға дейінгі жолды абыроймен еңсерді. Мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, бай рухани мұрасын сақтап қалды. Халықаралық аренада беделді елге айналды. Бұған Қырғыз Республикасының 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы жарқын мысал бола алады, – деп жазылған құттықтауда.  

    Жеделхатта елдерімізді ғасырлардан тамыр тартатын достық пен тату көршілікке негізделген бауырластық қарым-қатынас байланыстыратыны атап өтілген. Президент стратегиялық серіктестік пен одақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды түрде нығая беретініне сенім білдірді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына құт-береке тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →