Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстанның 17 облысы мен екі қаласында дауылды ескерту жарияланды

    «Қазгидромет» 31 тамызда Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыста дауылды ескерту жариялады. Жаңбыр, найзағай, бұршақ, күшті жел күтіледі.

    Қазақстанның 17 облысы мен екі қаласында дауылды ескерту жарияланды

    Сурет: istockphoto

    «Қазгидромет» синоптиктері 31 тамызға арналған дауылды ескерту жариялады. Болжам бойынша, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі.

    Бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен қатты жел соғады. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін.

    Алматы қаласы мен облысында жаңбыр, найзағай және күшті жел болжанады. Күндіз ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі. Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл тұрады.

    Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Жамбыл облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Қызылорда облысында шаңды дауыл болуы ықтимал.

    Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Көкшетауда топырақ бетінде +2°C-қа дейін үсік болуы мүмкін.

    Сонымен қатар, бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →