Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғар ауданындағы цехта өрт: зардап шеккендер жоқ Еңбек адамдары — тұтас елдің мақтанышы: Сәтбаевта кеншілерге ерекше құрмет көрсетілді Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстан бағытына 400-ге жуық жүк көлігі жиналды Алматыда 44 жастағы ер адам элекрт самокаттан құлап, көз жұмды Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды «Кеудемді өкініш кернеп, тұншыға бастаймын»: Гүлзира Айдарбекова ағасын жоқтады Талғар ауданындағы цехта өрт: зардап шеккендер жоқ Еңбек адамдары — тұтас елдің мақтанышы: Сәтбаевта кеншілерге ерекше құрмет көрсетілді Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстан бағытына 400-ге жуық жүк көлігі жиналды Алматыда 44 жастағы ер адам элекрт самокаттан құлап, көз жұмды Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды «Кеудемді өкініш кернеп, тұншыға бастаймын»: Гүлзира Айдарбекова ағасын жоқтады

    Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстан бағытына 400-ге жуық жүк көлігі жиналды

    Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекке тұрды. Себеп — маусымдық жүк тасымалының өсуі мен температуралық шектеулер.

    Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстан бағытына 400-ге жуық жүк көлігі жиналды

    Сурет: istockphoto

    Жамбыл облысындағы «Қарасу» автомобиль өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекке тұрды. Бұл туралы turkystan.kz сайты хабарлайды.

    Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, көлік ағынының артуы уақытша құбылыс. Маусымдық жүк тасымалының ұлғаюы мен Қырғызстан аумағында жүк көліктерінің қозғалысына енгізілген температуралық шектеулер кезектің пайда болуына себеп болған.

    Комитет мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жағдайды тұрақтандыру шараларын қолға алған. Өткізу пунктінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында жұмыс күшейтіліп, Ішкі істер органдарымен бірлесіп көлік ағынын реттеу және жүк көліктерінің бір бөлігін жақын маңдағы өткізу пункттеріне бағыттау ұйымдастырылған.

    Қазақстан тарапы Қырғызстанның құзыретті органдарымен байланыс орнатып, жағдайды бағалау және алдағы шараларды келісуде. Тасымалдаушылар мен жүргізушілерге арналған арнайы ақпараттық арна мессенджерлерде жұмыс істейді. Онда өткізу пункттеріндегі ахуал және ықтимал балама бағыттар туралы өзекті мәліметтер жарияланып отырады. Сондай-ақ шекара бекетінің алдында жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

    Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушыларды бағытты жоспарлау кезінде қазіргі жағдайды ескеруге шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →