Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды

    Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде

    Алматы облысында 21 жастағы Диананың өліміне қатысты туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде. Полиция тергеу жүргізуде.

    Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде

    Фото: ашық дереккөз

    Алматы облысында 21 жастағы Диананың қазасына байланысты бірқатар сұрақ туындап отыр. Ұзынағаш ауылында бойжеткеннің денесі ерлер әжетханасынан асылып тұрған күйде табылған. Алайда марқұмның жақындары полиция ұсынған суицид нұсқасына күмән келтіріп отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оқиға 29 маусымда болған. Диананың анасының айтуынша, қайғылы жағдайдың алдында қызының көңіл-күйі жақсы болған. Ол анасын сұлулық салонына апарып, сыйлық жасап, концертке билет алып берген. Сол күні жұмыстан кейін ағасына бармақ болған бойжеткен кейін кенеттен байланысқа шықпай қалған.

    Туыстарының сөзінше, марқұмның денесінен бірнеше жарақат пен соққы іздері байқалған. Сонымен қатар оның сөмкесінен 100 мың теңге, мойнынан алтын алқасы жоғалғаны айтылды. Диананың кейбір жеке заттарын жақындары кейін сайдың ішінен тауып, тергеушілерге өткізген.

    Бұған қоса, оқиға болған жердің маңынан екі күдікті көлік пен төрт жас жігітті көрген куәгерлер бар екені айтылып отыр.

    Қазір полиция аталған факті бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде. Оқиғаның нақты себептері мен Диананың өліміне қатысты барлық мән-жай тергеу барысында анықталуы тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →