Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? •

    Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді

    Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді

    Фото: depositphotos.com

    Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    2026 жылғы 26 тамыздағы мәлімет бойынша, есепті аптада пияздың бағасы 4,8%-ға, ақ қауданды қырыққабат 4,6%-ға, картоп 2,9%-ға, сәбіз 2,4%-ға, ал алма 1,1%-ға төмендеген.

    Өңірлер бойынша да бағаның төмендеуі байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа бағасы бір апта ішінде Қонаевта 0,4%-ға, Атырау, Жезқазған және Көкшетауда 0,2%-ға арзандаған.

    Ал Алматы, Қызылорда, Орал және Өскемен қалаларында баға 0,1%-ға төмендеді. Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Тараз, Талдықорған және Түркістан қалаларында азық-түлік бағасы өткен аптадағы деңгейде сақталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →