«Әділет» партиясы Құрылтай депутаттарының тізімін жариялады
«Әділет» партиясы Құрылтайдың алғашқы құрамына сайланған 110 депутаттың толық тізімін жариялады. Жаңа заң шығарушы орган құрамындағы өзгерістер туралы оқыңыз.
«Әділет» партиясы Құрылтайдың алғашқы құрамына сайланған депутаттардың тізімін жария етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Партияның Құрылтайдағы өкілдігіне 110 адам енді. Тізімге Константин Авершин, Ербол Адаев, Тлектес Адамбеков, Асхат Аймағамбетов, Айжан Аймағанова, Бекжан Әлімқұлов, Абай Алтай, Гүлзира Атабаева, Гүлназ Атамқұлова, Дархан Ахмедиев, Әсел Баденова, Зүлфия Байсақова, Вадим Басин, Эрлан Батырбеков, Марат Башимов, Нұрлан Бекназаров, Евгений Больгерт, Сатыбалды Бұршақов, Наталья Годунова, Айбек Дәдебай, Александр Данилов, Карлығаш Жаманқұлова, Жұлдыз Данбаева, Дидарбек Ділдәбек, Шынасыл Ерназар, Сұңғат Есімханов, Жанарбек Әшімжанов, Динара Закиева, Снежанна Имашева, Акерке Искандерова, Лаура Қарабасова, Шолпан Каринова, Мейрамбай Кемалов, Дәулет Кәрібек, Марат Қожаев, Ләззат Қожахметова, Замира Кузиева, Юлия Кучинская, Дихан Қамзабекұлы, Дана Медеуова, Гулисхан Нахбаева, Бұрхан Нұрмұхамедов, Әмірбек Оспанбеков, Ольга Перепечина, Константин Петров, Сергей Пономарев, Шерзод Пулатов, Максим Рожин, Мади Рымжанов, Татьяна Савельева, Ерлан Саиров, Айдос Сарым, Айжан Скакова, Екатерина Смышляева, Аят Сүгірбай, Русана Сулаймонова, Айсұлу Сүлейменова, Айжан Темербаева, Ирина Тен, Арманғүл Тоқтамурат, Әсел Хаирова, Үнзила Шапақ, Никита Шаталов, Марат Шибутов, Кендебай Адамбек, Замир Сагинов, Ләззат Жылқыбаева, Дәурен Маралов, Нұржан Ниязалиев, Бахадыр Нарымбетов, Берік Беркімбаев, Айжан Найымбекова, Шалқар Байбеков, Айрат Базенов, Айнагүл Балташева, Ерқанат Мұсылманбек, Таттыгүл Талаева, Ербол Данағұлов, Бота Елеусізова, Нұрбахыт Тенізбаев, Мадияр Әмірғалиев, Арман Хайруллин, Муса Хайруллиев, Ербол Нұрғалиев, Аяужан Әшімова, Әбілхаир Тамабек, Бекалы Ералиев, Арман Джансенгиров, Станислав Щербаков, Елдос Баялышбаев, Тұрарбек Тлемісов, Мұратбек Мұхамбедиев, Арман Қалықов, Нұрлан Дулатбеков, Наталья Рамазанова, Шота Оспанов, Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Аббат Урисбаев, Марат Себасов, Жарқынбек Амантайұлы, Илья Теренченко, Ерлан Тоқшылық, Елена Семидоцких, Бауыржан Жамалов, Нұрсадық Ергешбек, Нұрлан Толыбаев, Алмат Жукебаев және Алмат Әбдікешов сынды тұлғалар кірді.
Бюро мүшелері тиісті ережені бекітті. Бұған дейін «Ауыл», «Ақ жол» партиялары мен ЖСДП өз депутаттарын ұсынған болатын.
Қазақстан Парламентінде не өзгерді? 1 шілдеден бастап елімізде жаңа Конституция күшіне енді. Қабылданғаннан кейін Парламенттің екі палатасы – Мәжіліс пен Сенат – жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Олардың орнына бір палаталы Парламент – Құрылтай келді. Бұл – 145 депутаттан тұратын, бес жылға сайланатын жаңа заң шығарушы орган. 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтті. Бұл – 1991 жылдан бері еліміздегі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау. 25 тамыздағы қорытынды дауыс беру нәтижелерін осы жерден оқуға болады.
