Трамп бүкіл әлем бойынша АҚШ-қа иммиграциялық виза беруді тоқтатты
Дональд Трамптың әкімшілігі бүкіл әлем бойынша американдық елшіліктер мен консулдықтарда иммиграциялық виза алуға өтініш білдірушілерге арналған сұхбаттарды өткізуді уақытша тоқтатты. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Ведомствоның хабарлауынша, сұхбаттардың уақытша тоқтатылуы консулдық офицерлерді арнайы оқыту процесімен байланысты. Шара аясында мамандар болашақта «қоғамға ауыртпалық» тудыратын және американдық салық төлеушілер есебінен әлеуметтік көмекке мұқтаж болуы мүмкін тұлғаларды анықтауға үйретіледі.
Қазіргі уақытта оқыту бағдарламаларының аяқталу және елшіліктерде тіркеуді қайта бастаудың нақты мерзімдері нақтыланған жоқ.
Еске сала кетейік, АҚШ Президенті Дональд Трамп бұған дейін де елге келуші шетелдіктерге қатысты иммиграциялық саясатты қатаңдату және ішкі еңбек нарығы мен әлеуметтік жүйені қорғау бойынша бірқатар шараларды жүзеге асырған болатын.
