Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады Ақмола облысында ер адам көршісінің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан қызды суретке түсірген Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады Ақмола облысында ер адам көршісінің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан қызды суретке түсірген

    Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ

    Армения Ресейде жаңа мобилизация жарияланса, әскери қызметтен қашқандарға елге кіруге рұқсат беретінін мәлімдеді. Қауіпсіздік кеңесі хатшысының сұхбатында айтылған.

    Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ

    Сурет: kznews.kz

    Арменияның саяси басшылығы Ресейде жаңа мобилизация жарияланған жағдайда әскери қызметтен жалтарған азаматтардың елге кіруіне ешқандай кедергі жасамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ален Симонян «Дождь» телеарнасына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Симонянның сөзінше, Ресей азаматтарына ол: «Арменияға қош келдіңіздер! Мұнда сіздерді құрметтейміз және қалағандарыңыздың бәрін таба аласыздар. Қашан қайтқыларың келсе, сол кезде ораласыздар», — деп айтқан. Ол сондай-ақ қажет болған жағдайда Армения билігі Ресейден келетін азаматтарға көмек көрсетуге дайын екенін де жеткізген.

    Бұл мәлімдеме Ресейде жаңа мобилизация болуы мүмкін деген ақпараттар тараған тұста айтылып отыр. Атап айтқанда, Wall Street Journal басылымы Батыс барлау деректеріне сүйене отырып, Ресей әскери билігінің өңірлерде жаңа шақырылымға дайындықты тексеріп жатқанын хабарлаған еді. Ал АҚШ әкімшілігіндегі дереккөздер жаңа мобилизация қыркүйектегі Мемлекеттік дума сайлауынан кейін басталуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →