Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды •

    Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның үлкен ұлы ұсталды

    Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның үлкен ұлы ұсталды

    Фото: armenpress.am

    Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян мен оның үлкен ұлы Седрак Кочарян ұсталды. Бұл туралы Qazaqtoday.info агенттігі News.am басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Экс-президенттің кеңсесі болған жағдайды «биліктің президент Кочарян мен оның отбасына жасаған кезекті шабуылы» деп бағалады.

    Жуырда парламентте Левон Кочарян мен Армения премьер-министрі Никол Пашинян бір-бірін айыптап, сөз таластырған. Кочарянның ұлы үкімет басшысын «арамза әрі сатқын» деп атап, оны «Арцахты құрдымға жіберді және мыңдаған адамның өліміне себеп болды» деп айыптады.

    Бұған жауап ретінде Пашинян Кочаряндар отбасының миллионер атануына қандай қаражат себеп болғанын сұрап, отбасы мүшелерін жауапкершілікке тартуға уәде берді.

    Осыған дейін Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетінің қызметкерлері сейсенбі күні таңертең елдің бұрынғы президенті Роберт Кочарян мен оның ұлы, парламент депутаты, оппозициялық «Армения» фракциясының мүшесі Левон Кочарянның үйлерінде тінту жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.

    БАҚ мәліметінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері Кочаряндар отбасына тиесілі «Оранж Фитнесс» спорт орталығында да тінту жүргізген.

    Дүйсенбі күні парламент отырысында Армения премьер-министрі Никол Пашинян Левон Кочарянға қарап, олардың отбасының мүлкінен айырылатынын мәлімдеген.

    Парламент депутаты Анна Григорян журналистерге Левон Кочарянның Ұлттық қауіпсіздік қызметіне жеткізілгенін хабарлады.

    Армениялық БАҚ-тың мәліметінше, сейсенбі күні таңертең салық органдары Еревандағы Toyota компаниясының өкілдігін мөрлеп жапқан. Оның акционерлерінің бірі – Кочарянның үлкен ұлы Седрак Кочарян.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →